Мәдениет министрлігі шу болған ArtSport бағдарламасына түзетулер енгізуден бас тартты
Қоғамның араласуынан кейін мәдениет және спорт министрлігі ArtSport бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы ойын өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

5 шілдеде партияның ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында ата-аналар, спорт секциялары өкілдері, сарапшылар мен мәжіліс депутаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Артынша министрлік түзетулерден бас тартқан.
Министрлік ұсынған өзгерістер жаттықтырушылар біліктілігіне қойылатын жаңа талаптарды, секциялардағы бағаларды қайта қарауды, бағдарламада қамтылған спорт түрлері мен секцияларды екі есеге қысқартуды, секцияларға тартылатын балалардың ең төменгі жасын өзгертуді қамтиды. Оған қоса, бір балаға бір секция принципі бойынша жолдама беру қарастырылған.
Түзетілген құжат Ашық үкімет порталында жарияланды және қазақстандықтардың 700-ден астам ескертулері мен ұсыныстар жинаған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр