"Мәдениет министрі болатын едім": Нұрлан Еспанов қолына билік тисе не істейтінін айтты
Нұрлан Еспанов мемлекеттік қызмет туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Алайда, Нұрлан Еспанов үкіметтің жұмысы болатын болса, мәдениет министрі болар едім деп армандайтынын жасырмады. Ол жастарға көп көңіл бөліп, қазіргі мәдениеттің дамуын басқа бағытқа ауыстыратын едім деп ағынан жарылған.
"Мен министр болатын едім. Мәдениет министрі болғым келеді. Бәрін өзгертер едім. Қазақстанды 50 дамыған мемлекеттің қатарына кіргізуге жұмыс жасау керек. Жастарға көңіл бөлген жөн. Бізді кім қояды. Бұл жай ғана арман ғой. Арманның бір бөлігі", - дейді Нұрлан Еспанов.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған