Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мектепті пешпен жылытамыз": Ақмола облысында ауыл тұрғындары жарық, жол мен жылудың жоқтығына наразылық білдіруде

Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылындағы тұтас бір шағын ауданның тұрғындары көмек сұрауда. Ауыл тұрғындарын қыс қарсаңындағы ауыз судың, жарықтың болмауы және жол жағдайы алаңдатуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Алматы” арнасына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының шыдамы таусылған. Құр уәдеден шаршаған жұрт орталық көшеге жиналып, жиі кездесетін мәселелердің бірі жарықтың үнемі қшіп қалатынына шағымданды.

Тұрғындардың айтуынша бағаналар мен сымдардың барлығын ауыл тұрғындары өз қаражатына орнатқан. Мұнда жыл сайын жаңа үйлер салынып жатыр. Сондықтан жаңа үйлер саны қосылған сайын электрмен жабдықтау жүйесінің күші жетпейді екен. 

Ауыл тұрғындарының тағы бір  мәселесі жолдың жоқтығы. Көктем мен жазда жол үнемі балшыққа айналады екен. Көптеген адамдар қалада жұмыс істегендіктен, олар үйлеріне жету үшін күн сайын жаман жолдармен өтуге мәжбүр.



"Жол небәрі 500 метрге төселді. Ал қалған жерлердің жағдайы мәз емес. Мектепте оқушылар көп. Ал жылу жүйесі нашар. Балалар үш ауысымда оқығандықтан пешпен жылытамыз. Әзірге газды армандап жүрміз",  –  дейді ауыл тұрғыны Виталий Каменский. 

Әкім бұл мәселелерді бірден емес, екі жылдың ішінде шешуге уәде берді. Ол ықшамауданның бас жоспары бар екенін және бюджеттен 8 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінгенін айтты.

"Электр және сумен қамтуға арналған бұл шағын аудан жобаға енгізілген. Бүгінде бұл жұмыстарды атқаратын мердігерлер бар. Олқылықтар да жоқ емес. Бірақ жұмыс жүргізілу үстінде. Техникалық мәселелер шешіліп жатыр", – деді Аршала ауданының әкімі Мұрат Балпанов.

Әкімнің айтуынша, жақын арада ауылды дамыту бойынша 22 жоба жүзеге асырылатын болады, оның 12-сі инфрақұрылым мен күрделі құрылысқа арналған. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілмек.

Талқылау