Тоқаев өзінен көмек сұраған тұрғынның мәселесін тыңдады
Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл тұрғындарымен кездесу барысында көмек сұраған Қостанай тұрғынын тыңдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әңгіме басында президент тұрғынмен арада тұрған күзетшісінен шетке тұруын сұрады.
Қостанай тұрғыны мемлекет басшысына "қала әкімдігі арқылы жалған құжатпен сатылып кеткен" отбасылық үйін қайтара алмай жүргенін айтты. Сөзінше, отбасы құжатты ұзақ уақытан кейін рәсімдеген.
Президент бұл мәселені шешетінін мәлімдеді.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"