Мүгедектер тұрағына көлігін қойған “Мерседес” иесі жазаланды
Mercedes-AMG C63 маркалы көліктің иесі енді қазынаға 106 мың 50 теңгені бір тиынын қалдырмай төлеуі тиіс. Оған мұндай айыппұл Mega Alma-Ata сауда үйінің автотұрағында мүгедектер орынына көлігін қойғаны үшін салынып отыр.

Audi жүргізушісінде мүгедек екенін айғақтайтын барлық құжаттар болған.
“Суретте екі көлік бар. Олардың біреуі заңды тұлға иесі болып табылатын Audi маркалы көлік. Істің ақ-қарасын ашу кезінде бұл көліктің иесі өзінің мүгедектігін айғақтайтын барлық құжаттарын көрсетті. Оның дәлелдерінде ешқандай құқық бұзушылық әрекеттері көрініс таппады. Ал Mercedes жүргізушісі болса өз кінәсін мойындады. Оның әрекетіне орай әкімшілік хаттама толтырылды”, – деді Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.
Тәртіп сақшылары автотұрақтардағы заң бұзушылықтарды бақылау үшін жиі рейд жүргізеді.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"