Мұхтар Әблязов 30 күн ішінде Франциядан кетуге міндеттелді
Көпке жағымсыз образда танылған қазақстандық банкир Мұхтар Әблязов 30 күн ішінде Франциядан кетуге міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол бұл туралы өзі әлеуметтік желіде хабарлады.
"Олар менің Франциядан 30 күн ішінде кетуімді талап етті, ал менің басқа елге кіруге төлқұжатым да, визам да жоқ", – деп жазды Әблязов.
Сондай-ақ ол осы мәселе бойынша сотқа жүгініп жатқанын, жұма күні оған полицияның атқарушы органдары бұйрық шығарғанын айтты.
Айта кетейік, Мұхтар Әблязов Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны және БТА банкінің ақшасын жымқырғаны үшін сырттай сотталған болатын. Астана оны қайтаруды сұрап отыр.
Ал 2022 жылдың желтоқсанында экс-банкир Франциядағы босқын мәртебесінен айырылды.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге