Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті ретінде қызметіне кірісті

Александр Лукашенко Минскідегі Тәуелсіздік сарайында рәсім жасап, жетінші рет Беларусь президенті қызметіне кірісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Белта порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Белта

 Александр Лукашенко оң қолын конституцияға қойып, Беларусь тілінде ант берді.

"Беларусь Республикасының президенті қызметіне кірісе отырып, халқыма адал қызмет етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының конституциясын сақтауға және қорғауға, өзіме жүктелген жоғары міндеттерді қасиетті және адал орындауға салтанатты түрде ант етемін", - деді ол.

Сайлау қорытындысы бойынша биыл 26 қаңтарда Лукашенко президент болып сайланды. Оның кандидатурасы үшін 5 136 293 дауыс берілді. Бұл дауыс беруге қатысқан азаматтар санының 86,82 пайызын құрады.



"Әлемнің жартысы біздің диктатурамызды біздің халқымыздың нақты істері мен мүдделерінің диктатурасын армандайды. Сөз бостандығымен бізде бәрі жақсы. Бізде демократия өзін эталон деп атайтындарға қарағанда көбірек", - деді Лукашенко.

Талқылау