Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко "ресейлік содырлардың" тағы бір жасағы туралы жария етті

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазіргі таңда ақпараттық алаңда ұлттық қауіпсіздік үшін барлық шешуші шайқастар өтіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенеттігі. 

"Әлем гибридті соғыстар мен "түрлі-түсті революциялар" дәуіріне енді. Егер кеше біз осыған ұқсас сценарийлерді байқасақ, онда бүгін мұндай қақтығыстарға тап болдық", - деді ол Беларусь халқы мен парламентіне жолдауында.

Лукашенко кейбіреулердің Беларусьте жаңа революциялық технологияларды әзірлеуге бел буғанын, бірақ бұл нәтиже бермейтінін айтты.

Осы ретте Беларусь президенті жағдайды тұрақсыздандыру үшін елдің оңтүстігіне жіберілген жеке әскери компаниялардың (ЖӘК) тағы бір "ресейлік содырлардан" құралған жасағы бар екенін мәлімдеді.

Лукашенко "әскери құрылым" туралы ақпарат оған "бүгін ғана" түскенін айтты. Ол беларусьтердің егін жинау орнына "оларды ормандар аралап жүріп ұстауына" мәжбүр екендігіне наразылық білдірді. Беларусь басшысы тәртіп сақшылары "олардың бәрін ұстайтынын" баса айтты.

Бұған дейін Беларусь президенттігіне кандидат Андрей Дмитриев орталық сайлау комиссиясында (ОСК) өткен шұғыл кездесуден кейін республикаға кіруге дайындалып жатқан Ресейлік арандатушы "содырлар тобы" мәлімдеген.

Талқылау