Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысы қайта жанданды

Әлеуметтік желі қолданушысы LRT жобасының құрылыс алаңында құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын видеоға жазып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

City Transportation Systems (CTS) компаниясы түсіндіргендей, мердігер ұйым - қытайлық CRAIG консорциумы қазіргі уақытта дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты.

"Олардың тарапынан жүргізілетін құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесі пандемияға байланысты түзетілді", - деп хабарлады CTS баспасөз қызметі. Компания қызметкерлері қазір Қазақстанда карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты тоқтатылған дайындық жұмыстарын аяқтап жатқанын түсіндірді.

"Қызметкерлер бұған дейін карантинге байланысты елге кіре алмады. Қазір олар қайтып келіп, келісім бойынша аяқтауы керек нәрсені істеп жатыр", - деп хабарлады CTS.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда "Астана LRT" жобасы бойынша қозғалған қылмыстық іске нүкте қойылды. "Астана LRT" компаниясымен серіктес болған жеті жеті экс-шенеунік пен компания қызметкерлері 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге сотталды.


Танымал блогер LRT-да жемқорларды дарға асуды ұсынды

Талқылау