Лотереяда бір сандар тізбегін он жыл бойы қолданған әйел ақыры байлыққа кенелді
Австралияның Сидней қаласының тұрғыны 10 жыл бойы лотерея билеттеріне бірдей сандардың тізбегін жазып жүріп, ақыры ірі ұтысқа кенелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Австралиялық әйел лотереядан бір миллион австралиялық доллар (шамамен 268 миллион теңге) ұтып алыпты. Ол он жыл бойы тек бірдей цифрларды лотерея билеттеріне жазып жүріпті. Наурыз айында тұрғын тағы бір рет бағын сынап көрмекші болып, онлайн билетке бұрын жазып жүрген сандарды енгізген. Ал 18 наурыз күні әйел жеңіске жеткенін білген.
"Мен кішкене ұйықтап алмақшы болғанмын. Түн ортасында оянып алып, бұл жағдай менің түсіме кірген шығар деп ойлаппын", - дейді ол.
Сөзінше, ол ұтқан ақшаны үйіне алған несиеге жұмсамақшы. Бұған қоса джекпотқа қол жеткізген әйел ол қолданып жүрген сандар бір күні байлық әкелетініне еш күмән келтірмеген жеткізіпті.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп ажырастым" деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.