Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лондонда теракт орын алды

Лондонда болған терактың нәтижесінде бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теракт

 

Бұл туралы британдық полиция қызметкерлері мәлімдеді. 

Жолда кетіп бара жатқандарға шабуыл жасаған азаматты тәртіп сақшылары атып өлтіріпті. Ұлыбританияның БАҚ өкілдері қаскөйдің исламизммен байланыста болғандығын айтып отыр. 

"Ер азаматты Стретэм ауданында полицейлер атып тастады. Бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Оқиға терроризмге қатысы бар деп танылды", - деп мәлімдеді Лондон полицейлері. 

Галлем Булэн есімді қала тұрғыны қолына мачете (шөп шабуға арналған үлкен пышақ түрі) және кеудесіне күміс түсті канистерлер асынған ер адамды полицейлер қуып бара жатқандығын көріпті. Қуғын ең аяғы атыспен аяқталған. 

"Үш рет атылған тапаншаның даусын естідім", - дейді куәгер. 

Террористің Судеш Амман есімді азамат екендігі анықталыпты. Ол екі күн бұрын ғана түрмеден босап шыққан. 20 жастағы жігіт 2018 жылы желтоқсан айында терроризмге қатысы бар құжаттарды сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылған. Бұған қоса қылмыскер WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған. 

Судеш 40 жастағы ер азамат пен 50-дегі әйелді жарақаттапты. Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Тағы бір бойжеткенге тапанша оғы тиген әйнектің сынықтары ұшқан. 20 жастағы террористің үстінде жалған бомба макеті киілгендігі анықталыпты. 

Бұған дейін Лондондағы көпірде ер адамның көшедегі адамдарға пышақпен тап бергені жайлы айтылған еді. Шабуылды ұйымдастырған азамат бұған дейін террористік әрекеттерге қатысы болғаны үшін сотталған екен. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 03 Ақпан, 2020 09:41
Талқылау