Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ливан үкіметі отставкаға кетеді

Ливан үкіметі отставкаға кетеді. Бұл туралы Ливанның денсаулық сақтау министрі Хамед Хасан министрлер кабинетінің жиналысынан кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Иә, үкімет отставкаға кетті", - деді министр.

Премьер-министр Хассан Диябтың ресми мәлімдемесін халық күтіп отыр.

Бұған дейін 10 тамызда жаппай үкіметке қарсы наразылықтар аясында Ливан кабинетінің екі мүшесі бірден отставкаға кетті: ақпарат министрі Манал Абдель Самад және қоршаған орта және әкімшілік даму министрі Дамианос Каттар.

8 тамызда Бейрутта мыңдаған адамдар үкіметтің отставкаға кетуін және реформаларды талап етіп, үкіметке қарсы шеруге шықты. Көп ұзамай ол жаппай қақтығыстарға ұласты. Демонстранттар төрт министрлік пен Банк қауымдастығының ғимараттарын басып алды. Кейінірек армия наразылық білдірушілерді үкіметтік кешендерден ығыстыра алды. ІІМ бір құқық қорғаушының қайтыс болғаны туралы хабарлады. Қақтығыстар салдарынан 700-ден астам адам зардап шекті деп хабарланды.

Еске салайық, 4 тамызда кешке Бейрут портында күшті жарылыс болды. Қала әкімінің айтуынша, қала ғимараттарының жартысы зардап шеккен, ал зардап шеккендердің көп болуына байланысты ауруханалар толып кеткен.

Талқылау