Лионель Месси сегізінші рет "Алтын доп" иегері атанды
2023 жылғы "Алтын доптың" иегері кім екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марапаттау рәсімі Париждегі "Шатле" театрында өтті.
France Football нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы сыйлығын америкалық "Интер Майами" және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алды.
Америка құрлығындағы ойыншылардың ешқайсысы осыған дейін “Алтын доп” алмаған.
Аргентиналық спортшы сегізінші рет осы марапатқа ие болды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған