ЛХР басшысы республиканың Ресей құрамына кіруіне қатысты референдум өту мүмкіндігі жайлы айтты
ЛХР басшысы Леонид Пасечник республиканың Ресей құрамына кіруі туралы референдум өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Менің ойымша, жақын арада республика аумағында референдум өткізіледі, онда халық өзінің абсолютті конституциялық құқығын жүзеге асырады және Ресей Федерациясына кіруге қатысты өз пікірін білдіреді", — деді ол шетелдік журналистермен кездесуде.
РИА Новости басылымының мәліметінше, ақпан айының ортасында КХДР мен ҚХР басшылары Ресейге тәуелсіздігін мойындауды өтінді. Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Донецк және Луганск халық республикаларын тану туралы Жарлықтарға қол қойды.
Еске салсақ, 24 ақпанда Ресей Украинада арнайы операцияны бастады. Арнайы операцияға қатысушылардың әрекеттері Украинаны демилитаризациялау мен денацификациялауға бағытталған.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады