Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ленин емес, Абылайхан: 2022 жылы Қазақстанда 640 географиялық атау өзгертілген

2022 жылы Қазақстанда 640 географиялық атау өзгерген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Мұндай мәлімет орталық коммуникациялар қызметінде айтылды.

Абылай хан коллаж

"2022 жылы 68 елді мекен атауы және олардың құрамдас бөліктерінің 572 атауы өзгертілді", – делінген сейсенбіде тараған ақпаратта.

Мәселен, Ақмола облысындағы Южная көшесі Сәбит Мұқановтың құрметіне, Буденный көшесі Бауыржан Момышұлының құрметіне, Ленин атындағы көше Абылайханның құрметіне өзгертілген.



"Мемлекет басшысының жолдауында айтылған Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру тапсырмасын орындау үшін жаңадан құрылған үш облысқа Абай, Жетісу және Ұлытау деген атаулар берілді. Ал Қапшағай қаласы Қонаев болып өзгертілді. Тағы бір айта кетерлігі, облыс атаулары тек мемлекеттік тілде бекітілген. Мысалы, Абай облысы, Ұлытау облысы және Жетісу облысы. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қостанай қаласының халықаралық әуежайына ұлт ұстазы есімі берілді", – дейді ҚР мәдениет және спорт министрлігі ономастика басқармасының басшысы Елерке Төрехан.

Талқылау