Ләйлә Сұлтанқызы: Қартайғанымда бір қыз туып алсам деп армандаймын
Ләйлә Сұлтанқызы болашақта келіндерімен бірге тұруға қатысты ойын айтты. Екі ұл тәрбиелеп отырған ол алдымен келіндерге үйдің тәртібін үйретіп, кейін бөлек шығарсам деген ниетімен бөлісті. Сондай-ақ қартайған кезде қызды болғысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бір үйде бірдей тәрбие алып жатқан 16 жасар Сағадат "олай болмайды, мен сізбен тұрамын" деп бірден жауап берсе, Сардар "қыздың да ойы дұрыс қой" деп қалды.
Бітпейтін дау екені түсінікті, дегенмен барлығы жағдайға тікелей байланысты. Өз басым келіндерге БІЗДІҢ үйдің тірлігін, тәртібін, принциптерін үйреткен соң, еншісін берем деп ойлап қоям, бұйыртса.
Өзім қолым боста немерелеріме қарап, қыдырып жүрмеймін бе деп қоямын. Әлде қартайғанымда бір қыз туып алсам ғой деп, оны да армандап қоямын, әрине, бұйыртса ғой", – деп жазды тележүргізуші желідегі парақшасында.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”