Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы: "Азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады"

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың жылдық асын берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы екі ұлы Сағадат пен Сардарды алып күйеуінің туған жері Қызылкөл ауылына барды. 

“Уақыт деген жүйрік қой… 2 айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Е-ее, зымыраған жүйрік уақыт десеңші… Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар,ауылдастармен құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда. Құдай амандығын берсе...”, – деп жазба жариялады Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетсек, 57 жасында белгілі қоғамдық денсаулық сақтау қайраткері, "Оқ-жетпес" емдеу сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Шерәліұлы Беркінбаев мезгілсіз дүниеден озды. Белгілі тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы – Қайрат Беркінбаевтың жұбайы. Бүгінде марқұм Қайрат пен Ләйләнің Сағадат және Сардар есімді қос ұлы бар. 

 

 

Талқылау