Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы той басқару үшін 10 мың доллар сұрайды

Той – халықтың қазынасы. Қазақ жиған-тергенін қашан да тойға шашқан. Сондықтан әртүрлі себеппен жиі той жасайтын ел халқы қанша гонорар сұраса да, отандық әртістерді қуаныштарына шақырады. Ал еліміздегі танымал әртістердің гонорары қанша?

Ләйлә Сұлтанқызы - 10 мың доллар: Отандық танымалдар тойдан қанша пайда табады

7-арнаның «Өз ойым» бағдарламасында аталған тақырып талқыға салынып, той ұйымдастырушы мамандар ел көкейіндегі сұраққа жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Соынмен, қазіргі уақытта жұлдызы жарқырап тұрған әнші Ерке Есмахан небәрі 40 минут өнер көрсеткені үшін 2 миллион теңге сұрайды екен.

Ал Еркенің экс-дуэті Төреғали қанша елдің көңілін қалдырса да, сұранысқа ие әншілердің бірі. Оның гонорары – 7-8 мың долларды құрайды.

Ал еліміздегі ең танымал топтардың бірі «МузАртты» қуанышыңызға шақырғыңыз келсе, 10 мың доллар ақша дайындап қоюға тиіссіз.

Еліміздегі ең сымбатты жүргізуші Тәуекел Мүсілімнің той басқарып бергенін қаласаңыз, қалтаңызды 3-5 мың долларға жұқартуға тура келеді.

Актер, тележүргізуші Азамат Сатыбалдының асабалық қызметі арзан емес. Шамаме 1-1,5 миллион теңге.

Актер Әділ Ахметов тойды 2 мың долларға басқарады екен.

Сол сияқты Мая Веронская, Ольга Спирина сынды белгілі тележүргізушілердің қызметі 600 мың теңге тұрады.

Ал бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы той басқару үшін 10 мың доллар сұрайды екен. Ол тапсырыс берушілер бас тартсын деген ниетпен осындай қадамға баратынын айтты. Себебі той жүргізу қолымнан келмейді, дейді ол.

Тағы оқыңыз: 

Ұл боп туған: 22 жастағы қазақ транссексуал қалай “қызға” айналғанын айтып берді

Сиви Махмуди өзін сатып кеткен жігіттердің шоу-бизнесте көтерілуіне жол бермей жатыр

Әнші Санда тұрмыста болғанын мойындады

Ерке Есмаханның комедиясы не туралы

Талқылау