"Лауазым үшін 2 млн теңге": Жамбыл облысында шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Жамбыл облысы еңбек комитетінің департамент басшысы қызметке тағайындалуға көмек көрсеткені үшін екі миллион теңге алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ебек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеді.
"Алаяқтық және лауазымды тұлғаларға пара беруге айдап салушылық күдігі бойынша, департамент орынбасары (басшысы) лауазымына тағайындауға көмектескені үшін қарамағындағы қызметкерден екі миллион теңге сомасында алған. Қазіргі уақытта күдікті сотқа тартылды. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”