Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр төрт күндік жұмыс аптасы кімдерге сәйкес келетінін айтты

Мәжілістің жалпы отырысында 4 күндік жұмыс режимін таңдау құқығы туралы айтылды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұл қызмет көрсету саласының қызметкерлеріне қолайлы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pexels.com

Еңбек кодексіне сәйкес қазақстандықтар төрт күндік жұмыс режимін таңдай алады. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер өзара келісіп, өздері қолайлы кестемен жұмыс істеуіне болады. Вице-премьердің айтуынша, қызмет көрсету және қонақүй бизнесі қызметкерлеріне осындай жұмыс кестесін таңдау тиімді.

"Бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара шешімге байланысты. Әсіресе, туризм саласы қызметкерлері қыста төрт күн жұмыс істей алады. Бірақ әрі қарай, туристер ағыны болған кезде, оны алты күнге дейін арттыруға болады. Бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы керек", – деді вице-премьер.

Еске салсақ, өткен жылдың шілдесінен бастап 4 күндік жұмыс аптасын таңдау режимі енгілізген еді. Бірақ бұл тұтас халық осындай жұмыс режиміне ауысатынын білдірмейді. Жұмыс берушілер 4, 5, 6 күндік еңбек тәртібін апта сайын алмастыра алады. Демек қазақстандықтардың жұмыс сағаттары қысқармайды. Бір жетіде 3 күн демалса, келесісінде соның орнын толтырады. 

Талқылау