Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталарды енгізу ұсынылды
Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы SIM-карталары енгізілуі мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мәжіліс кулуарында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты. Балалар SIM-картасы ата-аналардың тікелей бақылауында болады әрі мұндай SIM-картаны ата-аналардың телефондарына байланыстыру керек деп отыр.
"Біз бұл жүйені енгізуді ұсынамыз. Бұл – баланы бақылау. Яғни балаңыз қандай сайттарға кіреді, қандай әлеуметтік желілерде отырады дегенді көре аласыз. Сонымен қатар уақытты шектеу мүмкіндігі деп бар. Біз министрлік тарапынан балалардың қауіпсіздігі үшін осыны ұсынамыз”, –деді вице-министр.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
