Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызым сыныптан жылап шықты: Ақтаулық ата-ана қызының өліміне мұғалімді кінәлап отыр

Оқушы қыз 6 сәуірде биік ғимараттан құлап көз жұмды. Наила Нарембаеваның айтуынша, қызының өзіне қол жұмсауына мұғалімі екеуінің арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін.  Сыныптасы марқұм қыздың құрбысымен және сынып жетекшісімен ұрысқанын айтқан.

Қызым сыныптан жылап шықты: Ақтаулық ата-ана қызының өліміне мұғалімді кінәлап отыр

17 жастағы Мадина 4 сыныптас қызымен сөзге келіспеген екен.

«Мадина ұзақ уақыт бойы сыныбындағы қыздармен келіспей жүрген. Қыздар үлкендердің араласуынсыз мәселені шешіп жүрген. 6 сәуір күні сынып жетекшісі араласқан соң, қызым қатты психологиялық қысым алған. Нина Ивановна педагогикалық этиканы сақтамай, 4 қыздың көзінше менің қызымды кінәлаған. Сондықтан менің қызым сынып жетекшісімен сөйлескен соң өзіне қол жұмсап тұр», – дейді анасы.

Мұғалімімен сөйлескен соң Мадина сыныптан жылап шыққан. Бұл жайлы сыныптас баласы айтты, деп жазады Лада.

«Кейін анықталғандай, қызым құрбыларына сынып жетекшісінің өзіне солай сөйлейтінін күтпегенін айтқан. Бірнеше жыл бұрын Мадина ол мұғаліміне репетитор ретінде барып жүрген. Оның алдында ашық сөйлеп үйренген. Бәрін ашық айтып жүрген. Енді мына жағдайда мұғалімі оны сатып кетті. Біреу үшін жай нәрсе шығар, біреулер үшін ауыр соққы. », – дейді ол.

«Қызымды таппаған соң, сынып жетекшісіне хабарластым. Қызымның қайда екенін сұрағанымда «Мен қайдан білем? Олар баяғыда тарап кеткен» деді», – дейді Наиля Нарембаева.

Ата-анасына достары хабарласып, 11 ықшамауданынға келуін сұрайды. Олар жеткенде бәрі кеш болған.

«Қызым ашық мінезді, ұрыс-керістен аулақ жүретін еді. Үздік оқушы болды. Олимпиадаларға қатысты. Аэробика, каратемен айналысты. Біздің үлкен үмітіміз еді», – деп еске алды анасы.

Оның айтуынша, мектепте оқушылар мен мұғалімдер жиі ұрысады. Өзге ата-аналар бұл мәселені шешпей, балаларын басқа мектепке ауыстырып жіберетінін айтады.

Ата-анасы сотқа арыз жазып, бұл іске қатысты барлық адамның айыпталуын талап етуде.

Қажетті жағдайда балалар мен жасөспірімдерге арналған 111 сенім телефонына хабарласа алсыздар. Психологтар көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз: 

Ерлан Біләл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын қайтарып алды

Баян Алагөзова: Екі жыл бұрын көз жұмғанымда, маған мүмкін бір атақ берер ме еді

Нумерология бизнес пе, ғылым ба: Сандардың адам тағдырына қатысы бары рас па?

Талқылау