Қызылордада мұғалімнен 5 мың теңге пара сұраған директор сотталып кетті
Қызылорда облысының Жалағаш аудандық соты ауыл мектебінің директорына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық соттан мәлім еткендей, мектепте директоры өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, азаматша М.-нан атқарып жүрген қызметінің үстіне 0,5 жүктеме қосып бергені үшін 5 мың теңге талап еткен.
Мектеп директоры аталмыш соманы алу барысында ұсталды.
Сот үкімімен білім мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы, 1-бөлігіне (пара алу) сәйкес кінәлі деп танылды. Оған дүние-мүлкін тәркілеу, білім беру саласында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру, параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде (250 мың теңге) айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстан имамдары «Ханафи мазхабы мен Матуриди сенім мектебі» ұстанымын бекітті
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар