Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызы анасын “есек” деп тілдеп, бетінен алады

Бірнеше жылдан бері аралас-құралас болып жүрген жақын құрбым бірде сырын айтты. Оны естігенде біразға дейін бейжай болып, мазам кетті деп келіншек құрбысының басындағы ауыр жағдайды баяндап берді.

vrkv6TcBGZA

Себебі оның басындағы жағдай кез-келген анаға ауыр соққы еді. Құрбыма қандай кеңес айтып, жұбатарымды білмедім. Содан соң бұған қатысты көпшілік қандай пікір айтар екен деп өздеріңізге хат жолдауды жөн көрдім, – деп жазады Замана.

Құрбым жасы 20-ға толмай тұрмыс құрып, бір жылдан соң қызды болған. Тұңғыш немересі болғандықтан оны ата-енесі бауырына салған екен. Сонымен ол қыз ата-әжесінің қолында қалады да, бір жылдан кейін бұлар еншісін алып бөлек шығып, одан кейін де төрт балалы болады. Кейін ата-енесі қайтыс болған соң қыздарын қолына қайтып алады. Бүгінде сол қыздың жасы 23-те.

«Кемпір-шалдың қызы деп не істесе де бетіне келмедік. Айтқанының бәрін орындадық. Тіпті шамамыз келмесе де жоғарғы оқу орнында ақылы негізде оқытып, оны бітірген соң «ставкасын» беріп, мамандығы бойынша жұмысқа тұрғыздық. Неге екенін білмеймін, қызымыз сонда да бізді сыйламайды. Әкесін әке демейді, мені анам екен демейді, бауырларын бауырым екен деп жаны ашымайды. Бұл қыздың бойындағы қаталдық пен мейірімсіздік қайдан келген? Ата-енем оны бізге қарсы тәрбиеледі деп айта алмаймын, марқұм ата-енем өте мейірбан, жақсы кісілер еді.

Қызымның жұмыс істеп жатқанына екі жыл болды. Бірақ әлі күнге бізге бір тиынын берген емес. Үйде ақшадан тарығатын да кездер болады. Сондайда бере тұрсайшы десек, «Маған қарап қалдыңдар ма?!» – деп айқайлайды. Өткенде бір қатты тарыққанымызда сырғамды ломбардқа өткізе тұрайыншы деп қарасам, орнында жоқ. Сұрасам, ешкім білмейді. Кейін қызымның жататын бөлмесін жинап жүріп, сол сырғаның ломбардта жатқанына екі айдан асқанын білдім. Сөйтіп: «Өткенде сұрағанымда білмеймін деп едің, ломбардқа өткізіпсің ғой. Неге айтпайсың?» – десем, «Есек, сен адамсың ба?! Мен саған айтуым керек пе?!» – деді маған. Оны естігенде тұрған орнымда қозғала алмай қатып қалдым. Содан бері қызымның бетіне қарағым келмейтін болды», – дейді құрбым.

Келінінен ауыр сөз естідім десе, мақұл екен, туған қызынан мұндай сөз есту кімге болса да оңай емес. Жүз жерден әжесінің қолында өссе де сол қызды анасы өмірге әкеліп, ақ сүт беріп өсірген жоқ па? Ендеше, оның анасын есек деп атауы қайдан шыққан кесірлік? Бұған байланысты қандай пікір айтасыз, оқырман?

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ халқы ауа-райын құстарға қарап қалай болжаған

11 жасар Балғынбек тоққа түсіп екі қолынан бірдей айырылған (видео) 

Алматылық транессексуал халықаралық сұлулық байқауына қатыспақ

Шымкенттік азамат үйінде банан, киви, ананас жемістерін өсіріп жатыр

Талқылау