Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының әкімдігі үлкен бөгетке 2,2 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған: Оның үш жылдан кейінгі жағдайы мынадай

"Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Дидар Смағұлов Facebook-тағы парақшасында Түркістан облысындағы су бөгетіне қатысты заңсыздықты анықтағаны туралы мәлімет берді. Қағаз жүзінде көрсетілген мердігерлердің келісімшартында олқылықтар байқалған. Іс жүзінде бөгет орнында жоқ болып шыққан. Stan.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне хабарласып, ақпараттың анық-қанығын сұрап білді.

Оқиға орнына барған Дидар Смағұлов құжатта көрсетілген су бөгетінің жоқ екенін мәлімдеді.

"Мұнда биіктігі 2,5 метрге жететін бөгетті көріп тұрсыз ба? Жоқ? Ал онда құжаттар бар. Құжаттарға сәйкес мұның ұзындығы – 40 шақырым. Бұған Түркістан облысының әкімдігі 2021 жылдың соңында 2,2 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлген. Деректерге сүйенсек, 2022 жылы құрылымды бір рет қана тексерген-міс. Алайда сол тексерістен кейін оны бірден су шайып кеткен. Осылайша, бөгет пайдалануға жарамсыз болып қалған. Енді олар аяқсыз қалған істің нәтижесін, бітуіне аз қалған кепілдік мерзіміне жаба салмақ. Бұл "парадокс", – деді қоғам белсендісі.

Осы ретте қоғам белсендісі жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмысына күдік келтіріп, қайда қарап отырғанын айтады.

"Жергілікті Антикор қайда қарып отыр деп сұрадыңыз ба? Маған да қызық... Өйткені әкімдікке осы фактіні тексеруді сұраған екен. Олар 2023 жылғы 23 қарашадағы осы факті бойынша біздің жолдаған ресми өтінішімізді, әйтеуір жасырып қалған. Одан бері 5 ай өтті. Олар әлі ді күтіп отыр. Су тасқыны мен одан зардап шеккен кезде емес, қауіп туралы айтқан кезде тексеру керек", – деді Дидар Смағұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысына сілтеме жасап.

Фото Дидар Смағұловтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған / Мұнда су бөгеті жоқ.

Дидар Смағұлов түрлі бөгеттер, жағалау бекіністерін бекітуге 2 жыл ішінде жұмсалған 97 миллиардтың сомасын жариялағанда, таңғалған журналистер телефон соққанын айтады.

"Бұл сатып алу оған кірмейді. Өйткені ол бұрын болған және барлығын мүмкіндігінше жасыру үшін тұрғын емес үй-жайлардың құрылысы ретінде жүргізілген көрінеді. Бірақ Түркістанды қазір басқарып отырған басшылықпен қандай да бір өзгеріс болатынына қатты күмәнім бар. Енді бөгетті тексеруді жұмысын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК), яғни әкімдіктің өзі жүргізетін болады. Қалай ойлайсыз, олар бұзушылықтарды таба ма “өзінің артын ашпайтын шығар?” – деді Дидар Смағұлов.

Аталған фактілер бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр ма деп Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Мира Сүлейменовадан сұрап көрдік.

"Мына орын мен тастың орналасқан жерін таппай жатыр. Облыста қағазда қалған дамба жоқ", – деп жауап берді баспасөз өкілі.

Баспасөз хатшысы бірнеше сағат өткеннен кейін мұның Шошқакөл екенін, онда бөгет барын растады.

Фотоны Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы жіберген

"Түркістан облысының құрылыс басқармасының мәліметінше, әңгіме Шошқакөл көлі жүйесінде кешенді шаралардың құрылысы туралы болып отыр. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бөгеттің биіктігі ұзындығы мен жер бедеріне байланысты 0,5 метрден 2,5 метрге дейін жетеді", – деп түсіндірді Мира Сүлейменова.

Оның айтуынша, салынған бөгеттің ұзындығы 38 шақырымға жетеді.

"2020-2021 жылдары "Түркістан облысындағы Түркістан қаласының Шошқакөл көлдер жүйесі бойынша кешенді іс-шаралардың құрылысы" жүзеге асырылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны – 2,1 миллиард теңге. Нысан 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға берілген. Құрылым пайдалануға берілгеннен бері Шашқакөл жүйесі жұмыс істеп тұр. Бұл су аймағында 2022 жылы – 275,0 миллион текше метр; 2023 - 355,0 миллион текше метр, ал 2024 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша 455 миллион текше метр жиналды. Осы уақытқа дейін бөгет эрозиясының дәлелі тіркелген жоқ", – деп мәлімет берді Түркістан облысы баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова.

Еске салайық, бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанның үш өңірінде селден қорғайтын бөгеттер мен су қоймаларын салу және тиісті жөндеу, өзен арналарын кеңейту жұмыстарын жүргізуге тиіс мердігерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын мәлімдеді.

Талқылау