"Құттықтауларыңызды қабылдаймыз": Арчи лақап атымен танымал блогер сүйінші жаңалығын бөлісті

Арчи лақап атымен танымал 28 жастағы блогер Артур Асқарұлы әке атанбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүйінші жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Қыз ба, ұл ма?” – деп жазған ол.
Желі қолданушылары блогерді жарыса құттықтап жатыр.
“Құтты болсын”, “Тәттісіңдер”, “Құттықтаймын, жүктіліктің жеңіл өтуіне тілектеспін”, “Бұл кішкентай Артур болады”, “Құтты болсын, көзіме жас келді”, – деп жазған олар.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық блогердің тойын тікелей эфирден 50 мың адам тегін тамашалағаны хабарланған еді.