Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құтырған қатынды көрмепсің": Балжан Бидаш өзін сынағандарға жауап берді

Танымал отандық әнші Балжан Бидаш сән апталығында түскен фотосын жеке парақшасына жариялап, шығармашылығындағы жағымды жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Өнер иесі кейінгі кезде түрлі образбен концерттік бағдарламаларда жиі бой көрсетіп жүр. 

“Егіз-Лебіз” жаңа достармен табыстырды деп жатырмыз ғой, соның бірі өздеріңіз білетін – Аука. Өзіне жазып жатқан әнді бірге айтуға ұсыныс тастады. Ән ұнаған соң бірден келістім. Әсіресе машинада тыңдаған кайф. Рахмет, Аука! Мына әніміз хит болатын сияқты. Интернеттен тыңдап, муд видеоны ютубтан көре аласыздар!”, – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар отандық шоу-бизнес жұлдызы аяғын көтеріп, "тілін шығарып" тұрған фотосы үшін оқырмандарынан оңбай сөз естіген еді. 

“Кешірім сұраймын. Бұл бір секундқа "ұстап қалды", – деп жазды өнер иесі. 

Алайда тыңдарман қауым әншінің қылығын “ерсілікке санап, құтырған қатынсың” деп ғайбаттады. 

“Тілін шығарғаны несі, масқара?! Абыройыңды айрандай төгіп", “Ажырасып кеткенің дұрыс болды, түрлі қылығың шығып жатыр”, “Жаханның құтылғаны дұрыс болыпты”, “Құтырған қатын не істерін білмей жүр” деп негатив пікір жазып жатыр оқырман қауым. 

Өнер иесі де өз кезегінде “Құтырған қатынның қандай болатынын білмейсің” деп оқырманын орнынан қойды. 

Еске салайық, Балжан Бидаштың кешірім туралы жазбасы желіні шулатқанын жазған едік. 

 

Талқылау