Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық министр мұсылмандар тұтқындалған лагерьлер туралы «қауесеттерді» елемеуге шақырды

Қытайдың Шыңжаң ауданында мұсылмандардың мәжбүрлі түрде қайта тәрбиелеу лагерьлеріне қамалып жатқаны туралы «қауесетті» адамдар елемеуі керек. Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И осындай мәлімдеме жасады.

Қытайлық министр мұсылмандар тұтқындалған лагерьлер туралы «қауесеттерді» елемеуге шақырды

Сурет: Wong Campion / Reuters

Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Министр жергілікті биліктің терроризммен күресіп, экстремизмнің тарауын тоқтатып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге тырысып жатқан талпынысын көпшілік түсінеді деп үміттенеді.

«Адамдар өсек-аяңға ермеуі керек. Себебі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының билігі өңірде не болып жатқанын бәрінен жақсы түсінеді», – дейді ол.

Сонымен қатар Ван И биліктің әрекеттері халықаралық ұйымның терроризмге қарсы күресте қолданатын шараларына сәйкес келетінін атап өтті.

«Егер біз терактілердің алдын ала алсақ, терроризм тарай алмайды», – дейді Ван И.

Агенттік мәліметінше, бірнеше батыс елдері, оның ішінде Канада, Франция, Германия және АҚШ Қытайды мұсылмандарды жаппай қамап ұстайтын лагерьлерді жабуға шақырды.

Ал Пекиндегілер Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арқылы Пәкістан мен Ауғаныстаннан радикалдық ниеттегі исламшылар Қытай аумағына келіп жатқанын  айтқан еді. Қытай билігінің өңірдегі шаралары терроризмге қарсы күрес пен мұсылмандарды бақылауға бағытталып отыр.

Еске сала кетсек, жыл басында Қытайда мұсылмандардың лагерьлерге қамалып жатқаны хабарланған еді.

ҚХР-дағы ислам діні негізгі дін  болып табылатын ірі өңірлердің бірінде билік саяси лагерь ашып, он мыңдаған ұйғырды қайта «тәрбиелемек». Ол жерде ұйғырлар төңкеріс әндерін айтып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің идеясын оқып, қытай тілінде сөйлейтін болады. Ал жергілікті тұрғындар ұйғыр тілінде сөйлейді.

Орталық биліктің мұндай әрекеті адам құқығын қорғау ұйымы белсенділері мен жергілікті тұрғындардың арасында өткір талқыға түсті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау