Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдағы журналист жұртты МС Сайлаубекті бағалауға шақырды (видео)

Қытайда тұрып жатқан қазақ журналисі қазақстандықтарды МС Сайлаубекті қолдауға шақырды. Мұнымен қатар, оның Үрімжі халқын баурап алғанын айтып өтті.

image

Фото: instagram.com/mcsailaubek.official/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

МС Сайлаубек түсінікіз тілде ән салса да, аз уақыт ішінде барша Қазақстанға танылып үлгерді. Ол үлкен сахнаға келмес бұрын ішімдікке салынып жүрген болатын. Бүгінде спортпен шұғылданып, дінге бет бұрған.

Рэпер танымалдылығын арттыра түсіргісі келсе керек. Енді жеке концерттерін шекара асып, шетелде беріп жүр. Жуырда Қытай елінде болып қайтты. Сол жердегі қандастары күтіп алып, алдына мол дастархан жайған. Жиналған жұрт тос айтып, ақ тілектерін жаудырған. Арасында белгілі журналист әнші қай тілде ән салса да, оны бағалауға шақырып, қазақстандықтарға өкпесін жеткізді.

“МС Сайлаубек бауырым ән айтып, күй шертіп жатыр. Біз қазақты керемет, данышпан халық дейміз. Қазақ, расымен, қонақжай, дархан халық. Бірақ кейде осы қазағымның іші тарлығы да байқалады. Себебі, өзімізден жылт еткен өнер адамдарын осыншама қақпалаймыз. Сайлаубек ән айтпады делік. Ол кезде не істер едік?

Тілші Айболаттың өкпесі

Видео опубликовано Sirius Star (@mcsailaubek.official)

Ал Сайлаубек көшеде арақ ішіп жатқанда ше? Мейлі басқаның тілінде айтса да, әйтеуір бір қазақ сахнада шырқап жатқан соң қолдауымыз керек. Қазақстанға баратындарың ауылдастарыңа Үрімжідегі бір журналистің өкпесін жеткізе барыңыздар. Бұдан былай Сайлаубекке тіл тигізбеңіздер. Ол Қытайға келіп, Үрімжі халқын бағындырып кетті”, – дейді журналист Айболат.

Видеоны көргендердің бірі журналистің сөзін қостаса, енді екіншілері қарсы шықты. “Мына сатқынға айт біздің де өкпеміз бар деп. Неге қазаққа қиын күн туған кезде қашып кетті екен?” дейді желі қолданушыларының бірі.


Жіберіп алмаңыздар:

МС Сайлаубек өз продюсерімен бірге жауапқа тартылуы мүмкін

Белгісіз біреулер МС Сайлаубекті атып кетті (видео)

МС Сайлаубектің продюсері ажал аузынан аман қалды (видео)

МС Сайлаубек дінге бет бұрып, намаз оқып жүр

Талқылау