Қытайда тағы бір марапатқа ие болған Димашқа көрермендер ән айтқызбай қойды (видео)
Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген Қытайда өткен Global Golden chart Awards марапатында “Үздік әртіс” атағына ие болды. Алайда әнші сырқаттанып қалғандықтан, концертте өнер көрсете алмады, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Instagram желісіндегі парақшасында тыңдармандарынан сүйінші сұрап, тағы бір марапатқа ие болғанын айтты.
“Global Golden chart Awards марапатында “Үздік əртіс” аталымы бойынша жеңіске жеттім. Бүгін белгілі себептермен өнер көрсетпесем де алдағы уақытта əдемі əндерімді сіздер үшін шырқайтын боламын. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!” – деп жазды әнші.
Бейжіңдегі “Жұмысшылар” алаңында өткен марапаттау рәсімінде Димаш сырқаттанып тұрғандықтан ән айта алмады. Десе де тыңдармандарының көңілін қимаған әнші музыкалық сүйемелдеусіз ән орындамақ болды. Алайда фанаттары әнші үшін уайымдап, ән айтуын тоқтатуын сұрады. Тіпті әншінің фанаттарының бірі жылап қалды.
Оқи отырыңыз:
50 жыл бірге: Димаштың атасы мен әжесі Ақтөбеде алтын тойларын дүркіретіп тойлап жатыр (фото, видео)
Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)
59 жастағы Мадонна жалаңаш түскен суретін жариялады (фото)
Замирадан төсек қатынасы туралы сұраған журналисті әріптестері арсыз деп атады (видео)