Құстардың өлекселері аспаннан "жауған": Жаңа жыл тойлаудың салдары белсенділердің наразылығын тудырды
Италияның астанасы Римде 1 қаңтарға қараған түні құстардың өлекселері төбеден жауа бастаған. Жүздеген торғайлар аспанға атылған отшашулардан қырылып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті RomaToday басылымына сілтеме жасап.

Құстардың өлекселері қаланың бірнеше аудандарынан табылған. Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы құстардың қырылуына себеп Жаңа жыл мерекесіне орай атылған отшашулар екенін айтады. Құстар қатты жарқылдардан шошып өлген дейді сарапшылар.
Өз кезегінде итальяндықтар мұндай жайттан кейін мейрамды тойлағылары келмей қалғанын жарыса жазуда. Жануарларды қорғаушылар болса, жыл сайын отшашу атуға тыйым салуды сұрауда.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”