Құрметті марапатқа ие болған қазақстандық ұстаздарға екі мың доллардан беріледі - Көлгінов

Биыл елордалық мұғалімдер алғаш рет "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі" медалімен марапатталады. Медаль иелеріне 830 мың теңгеден (300 АЕК) төленеді. Бұл туралы онлайн өткен тамыз кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
жас мұғалімдер

"Мемлекет басшылығы мұғалімдердің жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. "Педагог мәртебесі туралы" заң қабылданды. Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25% - ға артты. 2024 жылға дейін 25% - ға артады. Былтыр біз өз тарапымыздан тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 млн. теңге сомасына өтеусіз негізде 275 тұрғын үй сертификатын бөлдік. Осы жылы да мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі биыл "қазақстандық ипотекалық ұйыммен" бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтерді іске асыру туралы келісімге қол қойылғанын атап өтті. Бұл баспанаға мұғалімдерден басқа медицина қызметкерлері, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері де үміткер бола алады.

Былтыр жұмысын енді бастаған мұғалімдерді қолдау үшін 350 орындық жас педагогтар үйі салынды. Қала әкімдігі мұғалімдердің кәсіби дамуына назар аударады: "Ozat" жобасын іске асыру аясында мектептер мен колледждердің 400 мұғалімі РІЅА тапсырмаларына білім алушыларды даярлау бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқудан өтті. Кембридж университетімен бірлесіп SHARE жобасы іске қосылды, мұғалімдер бірлесіп зерттеулер жүргізеді, ақпарат алмасады және т. б.


Қазақстанда ұстаздар күні қашан аталып өтіледі?

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр