Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрбан айтқа құттықтау тілектер

Stan.kz редакциясы қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай құттықтау тілектерін назарларыңызға ұсынады. 

Құрбан айт

Қазақтың бағына бұйырған дүбірлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт мүбәрак болсын! Құтты болғай! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қасиетті айттан айтқа аман-есен жете берейік!

---

Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Ренжіскен кешіріп, ажырасқан татуласып, Алла жолына құрбандық шалынып, зікірлер айтылып, садақалар берілетін, бауырмалдықты арттыратын Құрбан айт мерекесі құтты болсын. Отбасыңызға ынтымақ-бірлік, мол дәулет тілеймін. Басыңызға атақ-абырой, бақытты, мәнді өмір тілеймін. Бай-қуатты болыңыздар! Құрбан айт құтты болсын!

---

Келіп жеткен Құрбан айтты құтты болсын! Алла баршамызға зұлхижжа айын мәніжатпен, сауапты игі істермен өткізуді бұйыртсын. Құрбан айт мерекесін берекелі еткей, жер бетінде тараған індеттен сақтап, халқымыздың денсаулығын мығым еткей!

---

Аса қамқор, асе мейірімді Алла разылығына жақындау ниетімен шалынған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Таң азаннан құлшылық етуден басталатын мерекеде өкпе-ренішті ұмытып, тату-тәтті ғұмыр кешейік. Құрбандығыңыз тек мал бауыздаумен ғана шектелмей, ішкі ниетіңіз, шын пейіліңіз, дінге бекемдігіңіз, тақуалығыңіз бен басқаларға қамқорлығыңыз арта түссін.

---

Пенденің пендешілігі мен мәрттігі, сараңдығы мен жомарттығы сыналатын бұл мейрамда атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріңізге сауаптан жазғай! Жаратқан Иемізден ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, игі де ізгі қызметіңізге жеміс, отбасыңызға баянды бақыт тілеймін!Құрбан шалып, ниет еткен тілектеріңіз қабыл болсын! Жаратқан әрбір шаңыраққа, әрбір құлына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін!

---

Осындай асыл мейрамда Алладан рахым, пайғамбардан шапағат келсін! Құрбан айт мерекесіне аман есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Барша мұсылман қауымын ұлық мереке құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын!

---

Құрбан айт - иманды күшейтетін, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке. Құрбан айтта жасаған барша ізгі амалдарыңызға сауаптан жазғай. Осы мереке қарсаңында Алланың назарында, бақыттың базарында шалқуыңды тілеймін. Алла екі дүние бақытын нәсіп еткей. Алладан сұраған әрбір тілегіңіз періштелер құлағына шалына берсін. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеуді нәсіп етсін. Айт мүбәрак!

---

Құрбан айт құтты болғай. Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Осы мерекедегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық нәсіп етсін! 


Құрбан айт кезінде оқылатын дұғалар

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр