"Құрал-жабдықсыз жұмыс істеген": Алматыда электрикті қатты ток соғып, денесі бағана басында қалып қойған
Алматыда қажетті құрал-жабдықсыз жұмыс істеген электрикті қатты ток соғып, денесі бағана басында қалып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет pexels-тен
Алматының Түрксіб аудандық полиция бөлімі мегаполистің солтүстік бөлігіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында электриктің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастадық. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, жұмысшының қажетті құрал-жабдықтары болмаған. Салдарынан қатты ток соғып, денесі бағанада қалып қойған.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған