Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құны 6 млрд теңге болатын үй қандай? Алматыдағы топ-5 ең қымбат тұрғын үй

Stan.kz редакциясы Алматыдағы ең қымбат үйлер мен пәтерлер тізімін жасады.  Бұл тізімге қазіргі уақытта сатылымға қойылған тұрғын үйлер кірді. 2019 жылы Алматы жылжымайтын мүлік нарығын зерттеу нәтижелері бойынша, Алматыдағы ең қымбат үйдің құны 4 млрд теңгені құраған. Алайда біз анықтаған бестікті бастайтындардың бағасы бұдан да жоғары. 

5 бөлмелі пәтер

Тізімімізді Әл-Фараби даңғылында орналасқан 5 бөлмелі пәтер бастап тұр.

Аумағы 225 м2 болатын пәтер  "Esentai Appartments" ТК орналасқан.

Esentai Park жобасының туындысы толықтай жиһазбен жабдықталған. Лоджиасы мен паркингі бар. Айта кетейік, жарнамада пәтер экологиялық таза ауданда орналасқандығы жазылған. 35 қабаттың 33-сінде орналасқан пәтердің бағасы 1 млрд 80 млн теңге.

8 бөлмелі вилла

Вилла "Эдельвейс" элиталық тұрғын үй кешенінде орналасқан. 

Бағасы: 1 млрд 290 млн,  2017 жылғы пәтер 800 кв. м. 

Медеу ауданында, Жамақаев көшесінде орналасқан вилла LUX классына жатады, үздік дизайнерлер қолынан шыққан, делінген жарнамада.

Пәтердегі барлық жиһаз Италия фабрикасынан әкелінген. Ал люстрасы Murano белді итальян әйнегінен жасалған. Кешеннің аумағы күзетіледі, вилла VIP аймақта орналасқан.

Үшінші орынға жайғасқан келесі үйдің бағасы 3 млрд 220 млн тг.

2 гектар жер учаскесінде орналасқан үй 1500 кв м, оған екі қабатты үй және ағаштан жасалған кіші үй кіреді.
 SPA,  демалыс және спорт зонасы, теннис корты бар. Одан бөлек, үй айналасында орман даласы мен газон жайылған.

"Жайлы" ықшам ауданында орналасқан 10 бөлмелі үй екінші орынға шықты.

1500 м2, 45 соттық үйдің бағасы 4 млрд теңге. 

Жарнамада үй бірегей дизайнымен ерекшеленітіні, орналасқан жері эксклюзивті екені көрсетілген.

Үйде 6 жатын, 6 ванна бөлмесі, 8 саннузел, СПА, кинотеатр, тіпті шарап жертөлесі бар.
Жеке учаскенің ландшафты жеке суару жүйесімен жабдықталған, сонымен қатар өзіндік жарықтандыру жүйесі де бар екен.

Ал енді тізімді бастап тұрған Медеу ауданында орналасқан 12 бөлмелі 1080 м²  үй. 

Жарнамадағы мәліметтерге сүйенсек, 340 соттық үй, ​Керей-Жәнібек хандар көшесінде орналасқан. 
Ал бағасы 6 млрд 270 млн теңгені құрайды.

2003 жылы кірпіштен салынған үйде дабыл жүйесі, бейнебақылау, домофон, видеодомофоны бар және тәулік бойы күзетіледі.
Одан бөлек, бассейн, бақшасы және онда 400 жеміс ағашы бар.

Біз анықтаған бестіктің жарнамасы қыркүйек айында krisha.kz сайтында жарияланған.

Ай басталғалы 3000-нан аса желі пайдаланушысымен қаралып үлгерген.

 


 
 
 
 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр