"Құны – 400 мың теңге": Танымал блогер Қайрат Нұртасқа қымбат көзілдірік сыйлады
Танымал блогер Арман Юсупов мегажұлдыз Қайрат Нұртастың туған күніне барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/yussupov21/
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы 35 жасқа толды. Блогер туған күн иесіне сыйлықты оқырмандарымен ақылдасып отырып таңдады.
“Мені таңғалдырған хат келді. Оған не сыйласам екен деп ұзақ ойландым. Кейін маған бір ой келді. Майкл Джексон десе, ақ қолғап еске түседі. Майкл Джордан десе, кроссовка еске түседі. Қайрат Нұртас десе, бірден көзілдірік еске келеді. Мен Қайрат Нұртасқа көзілдірік алып берем деп шештім. Бұған аса жауапкершілікпен келдім. Бүкіл отбасым маған көмектесті", – деді желі жұлдызы.
-
"Шешесінің қасынан шықпайды": Қайрат Нұртас туған күнін тойлап, сынға қалды
-
"Қолжетімсіз баға": Қарақат Әбілдина сахналық көйлектерін сатып, сынға қалды
Танымал блогер туған күн иесіне Louis Vuitton брендінен көзілдірік сыйлаған. Оның айтуынша, өнер иесіне ұнағаны сонша, тіпті ол көзілдірікпен видео түсіріп үлгерген. Ал желі қолданушылары сыйлықтың бағасын да тауып үлгерді.
“Керемет сыйлық”, “Қайратқа кез келген көзілдірік жарасады”, “400 мың теңгеге көзілдірік сыйлау ысырап емес пе?!” деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, өнер иесі ата-анасымен бірге туған күнін тойлағанын жазған едік.