"Құны – 20 миллион теңге": Ерке Есмахан ұлының кіндік шешесінің ең қымбат дүниесін айтып қойды
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Ерке Есмахан оқырман қауыммен сырласты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Өнер иесі өміріндегі соңғы жаңалықтарын бөлісті. Сонымен қатар босанғаннан кейін жайлы өмір жасап берген күйеуіне алғыс айтты.
“Үй жұмысы жасалып жатыр, бала бағылып жатыр, ақшаны күйеуім тауып жатыр. Бәрі дайын, сонда да менің өмір сүруім бір міндет әйтеуір. Бұрын азарт, талас, бәсеке. Біреуге де, өзіңе де бірдеңе дәлелдегің кеп жүретін кездер де жақсы екен ғой. Қатты "комфортқа" түсіп кеткен болмайды екен. Жағдайымды жасап қойған күйеуіме рахмет, әрине. Шүкір! Бірақ, Райым, қымбатты күйеуім, алдағы уақытта тойға, туған күнге, мерекелік іс-шараларға бармаймын, ерініп тұрмын десем де, мобилографымды қасыма ертіп "бар, бар" деп үйден шығарып жіберші, өтініш. "Шопингтен" алған қырғын киімді киіп, суретке түсіп жүруім керек қой. Барлығыңыздың проблемаларыңыз менікіндей болсын. Өзім-ай, өзім", – деп жазды әнші.
Одан кейін, оқырман тарапынан келген сұрақтарды да жауапсыз қалдырмады. Әңгіме арасында күйеуінің мәһр қарызынан құтылғанын айтты.
“Қазіргі заманда мәһр деген трендке айналыпты. Мен жолдасымның жылқылары болған соң, 1 ақ тұлпар сұрадым. Ақшасын берді”, – деп жауап берді әнші.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Сонымен қатар, әншінің авторлық “Ерке story” айдарын да оқырман қауым сағынған. “Өзіңіз көрсеткен ұлыңыздың кіндік шешесі Айнұр Асанбердінің 20 миллион тұратын сөмкесі туралы айтып беріңізші” деп сұрады желі қолданушысы.
“Осы аптада айтып беремін. Сіздерден ұят болып кетті. Инстасыз жүре беретін болыппын. Уәде бергендерімді орындамай жүрмін. Жаңа суреттер де жоқ. Бірақ күнде қаңғып, қалада жүремін. Неге сонша еріншек болдым екен”, – деп ақталды әнші.
Еске салайық, Ерке Есмахан сахналық көйлектерін сатып, қанша табыс тапқанын жазған едік.