"Құны – 2 миллион теңге": Айнұр Тұрсынбаева туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті
Айтыс саласының дүлдүлі, ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева туған күнін тойлап, жақындарының басын қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
Өнер иесі 44 жасқа толып жатса да, туған күн тойлауды онша ұнатпайтынын жасырмады.
“Барлық ыстық ықыласқа, жылы лебізіңізге көп рақмет. Негізі туған күнді шулатып тойлатқанды жақсы көрмеймін. Түнгі 12.00-де Қайша Керей "Қазақстаннан сіз үшін арнайы келдік" деп Сartier сыйлап, қуантып қойды... "Жеген ас кешке жетпес, ықылас естен кетпес деген осы... Барлық гүл жіберіп жатқан алтындарыма Алла разы болсын!” – деп жазды айтыскер ақын.
-
"5 миллион теңге": Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмектесті
-
"Кедей болып өстік": Айнұр Тұрсынбаева байлыққа кенелудің құпиясын бөлісті
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Біз Айнұр әпкенің туған күніне сыйлық алуға шықтық. Таңдауымыз Сartier брендіне түсіп тұр. Құны 2 миллион тұратын білезік пен жүзік сыйламақпыз. Бізді қиын сәтте қолдап, көмек берген адам. Барлық бақытты тілеймін асыл әпке! Ағаммен осылай махаббатқа шомылып, бір жастықта қартайып, бала-шағаның қызығын бірге көріп, халықтың ықласына бөлене беріңіз”, – деп жазды бизнесвумен Қайша Керей.
Еске салайық, Айнұр Тұрсынбаева күйеуінің тосынсыйын көрсетіп, “Мұндай сыйлық алған тарихтағы жалғыз әйелмін" деп әзілдеген еді.