Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов өзін мазақ қылғандарға жауап берді

Танымал продюсер Қыдырәлі Болманов тоқал тақырыбына қатысты өзін мазақ қылғандарға жауап берді. Ол елді дүрліктірген сұхбатта өзінің ойының дұрыс жеткізілмегенін мәлімдеді. Ал өзінің тарапына сын айтатындарды «білімі жоқтар» деп сөкті.

15965089_1205721709476254_712565206264100763_n

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Маған бірдеңе айттың деп келетін адамдар, шіркін, келіп сұраса, жарты сағаттың ішінде бәрін түсіндіріп берер едім. Ол адам міндетті түрде пікірін өзгертіп кетіп қалар еді. Ондай блогерлар да, пікір жазғыш сынағыштар да артын қазсаң түк білімі жоқ адамдар.

Съемкадан, бизнес кездесулерден бәрінен шыққан адам түнгі 1.30-да несі қалады? Мысалыға, сен барасың да қазақша ойлап тұрып, оны орысшаға аударып сұхбат бересің. Бір сөзді дұрыс орнына қоймай қалсаң бәрі өзгереді. Лингвистикалық сараптама деген ұғым бар…» – дейді Қыдырәлі Болманов.

Сондай-ақ, Қыдырәлі Болманов жұбайы Қарақат Әбілдина екеуі отасқан 20 жылдың ішінде тоқал алу туралы ешқашан сөз көтерілмегенін айтып салды.

«Тоқал деген болмаған нәрсе, Қарақатпен 20 жыл бірге келе жатырмын. Ешқашан тоқал деген түсінік болған емес, болмаған да, жоспарланбаған да, басқаша айтқанда бұл миф», – деп түйіндеді ашынған продюсер.

Естеріңізде болса, продюсер туралы карикатураны танымал журналист Серік Абас-шах өзінің желідегі парақшасында жариялап, оны әжуалаған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов қазақстандық сәнгерді Меруерт Түсіпбаеваға кешірім беруге шақырды

Баян Есентаева желі қолданушыларымен әзілдесті (фото)

Көпшілік Роза Рымбаеваның кіші ұлын Ninety one әншісімен шатастырып алды (фото)

Әсел Сәдуақасова қалыңдық көйлегін көрсетті

Талқылау