Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құда күтуге дайындалып жатыр": Мақпал Жүнісова төрт қабатты үйінің жөндеу жұмыстарын бастады

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өзінің тұратын төрт қабатты үйінің құрылыс жұмыстарын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/

Өнер иесінің айтуынша, екі жыл сайын әктеп тұрғанымен, биыл төбеден су кетіп, құбырлары шіріп кеткен. 

“Үйім күшті болып көрінетін өзіме, сөйтсем бәрі шіріп кетіпті. Беті ғана жылтырып тұр екен. Екінші қабаттағы дәретханадан су кетіп, төбеге жайылған. Алла сабыр берсін. Жігіттер бәрін талқандап тастапты. Зәкең салдырған ғой, астыңғы қабат сауна, кір жуатын бөлме, трубалар толған бір бөлме, спорт бөлмесі, төртінші қабатта менің студиям бар. Туысқан көп келетін болғандықтан, бұл үйде отырғаным дұрыс. Екі жылда бір рет әктеп алатын едім, осы жолы бәрін жаңалайын деп отырмын. Құрылыс біткенше ұйқы жоқ қой. Қыркүйектің ортасына қарай бітіреміз деп уәдесін берді. Сосын сыртын жасайды”, – деп айтты халық әртісі. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, құрылыс жұмыстарының сәтті аяқталуын тілеп жатыр. 

“Төрт қабатты үйді қайтесіз, бір қабат етпейсіз бе”, “Жалғыз өзіңізге қиын болатын болды-ау”, “Сәтті аяқталсын!”, “Ескі үйді жөндегеннің есі кетеді” деген осы шығар?!”, “Құда күтуге дайындалып жатыр”, “Мерейдің балалары асыр салып, ойнап жүрсін”– деп жазды көпшілік. 

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Мақпал Жүнісова тұратын үйді "қораға" теңегенін жазған едік.  

 

Талқылау