Квазимемлекеттік секторлардан игерілмеген 383 миллиард теңге анықталды – Смайылов
Сенат отырысында жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов квазимемлекеттік сектор субъектілері 2023 жылы республикалық бюджеттен 1,2 трлн теңгеге жуық қаржы алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ал олардың пайдаланбаған қаражаты жыл қорытындысы бойынша өткен кезеңмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өскен.
Бұдан бөлек, игерілмеген тағы 383 миллиард теңге анықталған. Бұл қаражат квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бөлініп, шоттарда орналастырылып, алайда, пайдаланылмаған.
Құрбан айт намазы қай уақытта оқылады: Кестесі жарияланды
“Квазимемлекеттік сектордың бюджетті жоспарлау және оны орындау кезінде қаражатты игермегені және төмен нәтижесі үшін мемлекеттік органдармен тең дәрежеде парламент алаңында жауап беретін уақыты келді”, – дейді Смайылов.
Сонымен қатар ол қаражатты бақылау шоттарында жылдар бойы жинамай, экономикаға және қазақстандықтардың игілігі үшін пайдалану керек екенін айтады.
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр
Ұлпан: "Жалақысы аз, жүктемесі ауыр, Қазақстандағы дәрігерлерге жаным ашыды”