Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бурабайда квадроцикл мінген 22 жастағы қыз аударылып, мерт болды

жол апаты квадрацикл
Фото: 2Gis

Астанадан Бурабайға жолға шыққан 22 жастағы қыз квадроциклмен аударылып, көз жұмды. Онымен біре тағы 19 жастағы қыз болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қайғылы жағдай 7 шілде күні Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы жолда болды. Алдын ала мәлімет бойынша, квадроцикл тізгіндеген қыз көлікті басқара алмай қалып, салдарынан квадроцикл аударылып кеткен. Ол алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Квадроциклде бірге отырған 19 жастағы астаналық қыз түрлі жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі де тексеріліп жатыр. Атап айтқанда, техниканы жалға беру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталған-сақталмағаны және осының қайғылы жол апатына себеп болған-болмағаны анықталып жатыр.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 09 Шілде, 2026 08:14