Қазақстан аумағынан дрон ұшырылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды – Министрлік жауап берді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында тараған, Ресей аумағындағы нысандарға жасалған шабуылдарда қолданылған ұшқышсыз ұшу аппараттарын іске қосу үшін Қазақстан аумағы пайдаланылуы мүмкін деген ақпараттарды жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, соңғы кезде кейбір БАҚ-та Ресейдегі нысандарға шабуыл жасаған дрондар Қазақстан аумағынан ұшырылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Алайда ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарды. Министрлік
“Мұндай мәлімдемелердің шындыққа сәйкес келмейді және оны растайтын ешқандай дәлел жоқ”, – делінген жауапта.
Министрлік мұндай ақпараттар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасты бұрмалауға бағытталған негізсіз сөздер деп санайды. Екі ел арасындағы байланыс стратегиялық серіктестік және одақтастық негізінде дамып келеді.
ОқыңызВедомство еліміздің бейбіт, теңгерімді және жауапты сыртқы саясат жүргізетінін мәлімдеді. Бұл саясат тату көршілік, өзара құрмет және басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаларына негізделген. Қазақстан халықаралық құқықты және халықаралық әрі аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты барлық міндеттемелерін қатаң сақтайды.
“Қазақстан өз аумағы, әуе кеңістігі және инфрақұрылымы басқа мемлекеттерге қарсы бағытталған әрекеттер үшін пайдаланылмауы керек деген ұстанымда. Осыған байланысты БАҚ өкілдерін және басқа да тұлғаларды тексерілген ақпаратқа сүйеніп, жалған немесе расталмаған мәліметтерді таратпауға шақырамыз”, – деп мәлімдеді министрлік.
Бұған дейін Атырауда әскери жойғыш ұшақ ұшып өтіп, тұрғындарды шошытқан еді. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ әуелі Нарсуд ауданының үстінен ұшып өтіп, кейін Сауда базасы мен Жилгородок бағытына бет алған.
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті