Күзде жағдай ушығып кетеді: Алматы әкімі тұрғындарды вакцина алуға шақырды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жағдай күзде ушығып кететінін ескертіп, алматылықтарды вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Егер біз вакцина алмасақ, онда күзде бұрынғы күйімізге ораламыз деп ойлаймын. Бұл қазіргі уақытта Ресейде, Мәскеуде, кейбір еуропалық елдерде болып жатқан жағдайды көрсетеді. Олар босаңсып кетті. Жаз келді, көшелерге шықты, саябақтарда, қоғамдық орындарда серуендеді. Сол үшін аурудың күшеюі байқалды. Егер біз вакцина алмаған болсақ, онда қазан-қараша айларында біз де осы жағдайға ораламыз", – деді әкім.
Оның айтуынша, карантиндік шектеу шаралары, сондай-ақ қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау қаланың "жасыл" аймаққа өтуіне ықпал етті. Бүгінгі күні вакцинаны 351 497 адам алды, 235 107 адам екі компоненттен вакцина алды.
Тоқаев: Қазақстан QazVac вакцинасын исламдық елдерге тегін жіберуге дайын
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр