"Алиментке 22 миллиард теңге қарыз": Танымал коуч көп бала туатын аналарды сынады
Танымал психолог, коуч Роза Әшірбаева жас аналарға көп бала тумауға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/roza.coach/
Психолог тікелей эфирге шығып, көпбалалы аналарға кеңес айтып, алимент төлемей жүрген әкелерді сынады.
“Пытырлатып туа бергенді қойыңдаршы. Бір күні болмаса, бір күні байың кетіп қалса, бала-шағаңды кім асырайды? Күйеуің “тоқал аламын” деп кетіп қалса, не істейсің? Алимент төлемейді. Кімге сенесіңдер? Мүлдем түсіне алмаймын. Күйеуіңнің ешқайда кетпейтініне сенесің бе? Жағдайдың қандай болып жатқанын көріп отырсыңдар! Әйелдерін өлтіріп тастап жатыр. Осыны біле тұра, туа бересіңдер. Мемлекетке алимент төлемейтін әкелердің қарызы – 22 миллиард теңге. Қаншама еркек алимент төлемейді! Балаңа тамақты қайдан тауып бересің?”, – деп шүйлікті психолог.
-
Қазақстанда алимент қоры құрыла ма: Тамара Дүйсенова жауап берді
-
"Бесіншісіне аяғым ауыр": Талдықорғанда ер адам көпбалалы ананың дүкенін тонап, өртеп жіберген
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі психологтың айтқаны дұрыс деп жатса, енді бірі әр баланың несібесі бар деген тәмсілді алға тартады.
“Байы жоқ, бейшара ғой мынау”, “Қиналып туатын да, бағатын да – өзіміз”, “Дөрекілеу болса да, дұрыс айтады”, “4-5 баламен жылап жүрген келіншек көп”, “Тума дейтін сен кімсің?!”, “Бір келіншекті танимын, 10 баласымен күйеуі тастап кетті, бірақ екінші байға тиді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, коуч Роза Әшірбаева алғаш рет ата-енесі мен күйеуі туралы айтқанын жазған едік.