Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қасыма жатпайтын": Күйеуі туралы айтқан Зарина Омарова көз жасына ерік берді

Танымал әнші Зарина Омарова “Қыздар-ай” бағдарламасында жеке өмірі жайлы айтып, көзіне жас алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/zarina_omarova_official

Жеке өмірін құпияда ұстайтын әншілердің бірі Зарина Омарова күйеуі үшін қандай құрбандыққа барғанын айтып, ағынан жарылды. 

“Біз әйелміз ғой. “Мен сен үшін барлығына бардым, сахнаны тастадым, сен үшін екі баламен чемодандарды көтеріп, қалаларды аралап жүрдім” деймін күйеуіме. Оның бәрі оңай емес. Күйеуім құқық қорғау органында жұмыс істейтін. Мүлдем уақыты болмайтын. Мен екі баланы алып, сөмкелерді алып қаладан-қалаға, пітерден-пәтерге өзім көшетінмін. Жолдасым дайынға келетін. Әйелдің қырық жаны бар деген рас екен”, – дейді Зарина Омарова.

Өнер иесі кішкентай кезінен артық салмақпен күрескенін, тұрмысқа шыққаннан кейін де арықтай алмай, қиналғанын жасырмады.

“Ең қиыны арықтау болды. Күйеуімнің менен алшақтап, ұялып жүрген кездері болды. Мені өзімен бірге алмайтын. Күйеуімнің жұмысы ауыр болды, үйге сирек келетін. Жолдасымның тілеуін тілеп, жағдайын жасап үйде отырдым. Әрине, қызғаныш та болды. Күйеуім өте сымбатты азамат. Ал мен артық салмақ қосып алып үйде отыратынмын”, – дейді әнші.

Бағдарлама жүргізушісінің “Күйеуіңіздің мұндай қылықтарына қалай шыдадыңыз?” деген сауалына әнші: “Мен үшінші сыныпта оқып жүргенімде ата-анам ажырасып кетті. Ал мен балаларымның екеуіміздің ажырасып кеткенін көргенін қаламадым. Сөйтіп өзіме: “Мен ажыраспаймын, бәріне шыдаймын, балаларым әкесіз өспейді” деп серт сөз бердім. Жаныма жатпайтын, тіпті жоламайтын кездері болды. Мен оның бәріне шыдадым”, – дейді Зарина көз жасына ерік беріп.

Ұзақ уақытқа созылған демалыстан кейін эстрада жұлдызы сахнаға оралуға қайтып бел байлаған.

“Қайда бұрынғы Зарина? Сахнаға оралуым керек. Әдемі боламын” дедім өзіме. Өзімді-өзім жеңдім. Сонда жолдасыма “Сен мені сахнаға шығарасың, әндерімді жазып бересің” дедім. Шүкір жолдасым барлығын орындады. Қазір идиллия да бар, жолдасымның тарапынан қызғаныш та бар. Қазір шынайы бақыттымын. Ұлым 15 жаста, қызым 11-де. Күйеуім жақсы жерде жұмыс істейді. Мен сахнада өнер көрсетіп жүрмін. Неге мен бақытсыз болуым керек?” дейді өнер иесі қуанышын жасыра алмай.

Талқылау