Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі 17 жастағы әйелінің басын шауып, онымен көше бойы жүріп өткен

Иранның Ахвазе қаласында ер адам 17 жастағы әйелінің басын шауып өлтірген. Содан соң марқұмның басын қолына алып, көше бойымен жүріп өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жантүршігерлік оқиға сенбі 5 ақпанда болған. Iran International басылымының мәліметінше, Мона Хейдари есімді қыз осыған дейін күйеуінен қашып, Түркияға кетіп қалған еді. Алайда Монаның әкесі күйеу баласына қызын ауылға қайтаруға көмектескен. 

Осы жағдайдан соң күйеуі мен оның ағасы қызды отбасының арына ұят келдірді деп өлтіруге шешім қабылдаған. Олар қызды алаңда кетіп бара жатқан жерінен ұстап, басын шапқан. Екі сағаттан соң екеуі де ұсталған. 


Ата-анасы зорлық көрген 5 жасар қызын жауыздықпен өлтірген 


Ер адамның қыздың басын көтеріп алып бара жатқаны түсіп қалған видеоны Regnum ақпараттық агенттігі бірінші болып жариялаған. Алайда Иранның БАҚ-ты қадағалау қызметі бұл агенттіктің жұмысына тыйым салған. 

Құқық қорғаушылар бұл Иранда отбасының намысына кір келтіргені үшін қолданылатын жаза түрі екенін айтады. Ел Конституциясының 630-бабына сәйкес, күйеуі "өзара келісім бойынша неке адалдығын бұзғанына" куә болса, әйелін өлтіруге құқылы.

Ахваздағы әйелдердің адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы екі жылда 60-қа жуық әйел “отбасының ар-намысына кір келтіргені” үшін құрбан болған. Оның ішінде 10-15 жас аралығындағы қыздар да бар. Кінәлілердің ешқайсысы жауапқа тартылмаған, себебі бірқатар отбасы сотқа да жүгінбеген.

Талқылау