Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күтіп алмасаң, келмей қалатындай": Айгүл Иманбаева жаңа жылды бала күнінде қалай тойлағанын айтып берді

Танымал әнші Айгүл Иманбаева жаңа жыл қарсаңында балалық шағынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Одан кейін қазақтар мен ағылшындардың жаңа жылды қалай қарсы алатынын салыстырды. 

“Жаңа жылдың алдындағы көңіл-күйлеріңіз қалай?! Қызық, біздің елде 31 желтоқсаннан кейін түнде жаңа жылды кәдігімгідей күтетін. “5 минут қалды 10 минут қалды” деп, күтіп алмасаң келесі жыл келмей қоятын сияқты еді. Кеңес үкіметінен қалған үрдіс қой. Ал мына Англия елінде қараша айынан желтоқсанның 25-не дейін “Christmas” деп сұмдық дайындалады. Содан 26 желтоқсан күні көшеде туристерден басқа адам жоқ. Барлық жер жабық. Тіпті метро да бір-екі күн жүрмейді. Осындай қызықтар бар”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, жаңа жылдық мереке қарсаңында дәрігерлер "мерекедегі жүрек" синдромы туралы ескерту жасады. 

Сонымен қатар жаңа жыл кезінде отшашуды арнайы талапқа сай атпаған жандар жауапкершілікке тартылады. 

Отшашуларды іске қосу кезінде қазақстандықтар сақтауға тиіс бірінші шарт – қолайлы орынды таңдау. Бұл тұрғын үйлерден кемінде елу метр қашықтықта орналасқан бос учаскелер болуы керек. Сондай-ақ ол жерде ағаштар, электр желілері мен басқа да кедергілер болмауы керек.

Әкімшілік кодекстің 436-бабына сай, пиротехникамен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзса, орынсыз жерде қолданса, 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 73 840 теңге немесе 2025 жылы 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл жағдайда барлық отшашулар тәркіленеді.

Талқылау