"Күрестің қадірі кетті": "Өнер барысында" белдескен жұлдыздардың әрекеті сынға ұшырады
Қазақ мәдениеті мен спортын қатар дамытуға арналған жобаның бірі – “Өнер барысы”. Дәстүрге айналған белдесу биыл да жоғары деңгейде өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елімізде “Өнер барысы” 2019 жылдан бері бесінші рет ұйымдастырылды. Мега жоба аз уақыт ішінде көрерменнің зор ықыласына бөленді. Додаға елімізге танымал өнер жұлдыздары мен блогерлер қатысты.
Биылғы Бас жүлде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңген актер Аян Өтепбергенге бұйырды.
Ал “Ең қызық күрес” номинациясын актерлар Рамазан Амантай мен Ұлан Мықтыбек жеңіп алды.
Желі қолданушылары “күрестің қадірі кетті” деп жатса, енді бірі күлкіге қарық болды. “Күрес емес сумо болды” деп жатқандар да бар. “Сәл арықтап, фитнеске барсаңдар болады”, – деп жанашырлық танытқандар да жоқ емес.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған