Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрбысының дуасына ұшыраған әйел жолының болмай жүргенін айтып, көмек сұрады

Шариғат бойынша, бақсы-балгерге баруға тыйым салынады. Исламда болашақты болжау Аллаға серік қосумен теңестірілген. Соған қарамастан, елімізде көріпкелдер мен жол ашушы балгерлердің дәурені жүріп тұр.

Құрбысының дуасына ұшыраған әйел жолының болмай жүргенін айтып, көмек сұрады

28 жастағы келіншек құрбысының дуасына ұшырағанын айтып, елден көмек сұрады. 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасына қатысқан Сәбина Қорғанбекқызы бастан өткерген хикаясын баяндады, деп жазады Stan.kz.

28 жастағы Сәбина өзін дуаға шалдыққанмын деп есептейді. Жеке өмірінде 5 жыл бұрын орын алған оқиға жолын жауып тастағанын айтады. Кейде өмірден қатты түңіліп кетеді екен. Бақсы-балгерлерге де талай жолыққан. Бірақ дуаға қарымта қайтаруға қалтасы көтермейді.

“Емшілерге сенбейтінмін. Бірақ бір рет барған соң сене бастадым. Осы қыста тағы емшіге бардым. Себебі жұмысым жүрмей қалды, ақша қолыма қалай келеді, солай кетіп қалады. Денсаулығым да болмай жүр”, – деген Сабина өзін құрбысын дуалап тастағанына сенімді.

Айтуынша, жанында жүрген құрбысы осыдан 5 жыл бұрын оның сүйген жігітін тартып алған. Арадағы келіспеушілік содан туған. Содан бері Сәбина бұрынғы құрбысы мен жігітінің тағдырынан бейхабар. Олардың қосылғанын не айырылысқанын білмейді. Алайда сәтсіздікке ұшыраған сайын, құрбысын еске алады. Себебі соңғы бес жылдан бері жеке өмірінде де, қызметте де жолы болмайтын көрінеді.

Эфирге келген көріпкелдің бірі Сәбинаға дуа жасалғанын ашық айтты. Ол келіншектің бір баласы бар екенін және желке жағы ауыратынын дәл тапты. Алайда бірнеше болжамында қателесті. Көріпкел Сәбинаға Құран аяттары арқылы тазалануға кеңес берді.

Тағы оқыңыз: 

Ақтөбеде сабақ үстінде болған өлім: Дәрігерлер 11-жастағы оқушының неден қайтыс болғанын хабарлады

Жүргізушіні куәлігінен айыру үшін соттың шешімі енді керек болмай қалуы мүмкін

Тапа-тал түсте жасалған ұрлық: Астанада ешкімнен қымсынбаған жігіт бейтаныс әйелді тонап кетті

Талқылау